«Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«№8 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны

Бөбекжай-балабақша туралы қысқаша ақпараттық анықтама
Мемлекеттік лицензия: 27.04. 2018 жыл KZ50RVK00016562
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу куәлігі: 09.02.2018 жыл №140940016323
Мекен-жайы: ҚР, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, Алия Молдагулова 1“А”
Байланыс телефоны: 8(71336) 21838
факс: 8(7132) 59375
Электронды пошта: ddu_8@mail.ru
Мектепке дейінгі білім орталығының ашылған уақыты:
17 қыркүйек 2014 жыл
МКҚК № 8 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасы ауқымды көлемде білім беру қызметтерін ұсынатын мектепке дейінгі ұйымдардың арасындағы жаңа үлгідегі мектепке дейінгі ұйым.
Жобаның көлемі – 175 орын, қолданысқа берілген жылы: 2014 жылдың қыркүйек айы. Бөбекжай-балабақша жалпы алаңы 2336 кв\м. Барлығы 7 топ (5 топ қазақ тілінде, 2 топ орыс тілінде білім алады)
ББ келесі бағдарламалармен жұмыс жасайды:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
- Авторлық бағдарламалар және технологиялар (қосымшада көрсетілген)
Кешенді бірізді ұйымдастырылған тәрбие мен білім беру жүйесінде вариативтік бағдарламаларды, авторлық, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына басты бағыттар таңдауға мүмкіншілік береді.
Дамудың басым бағыттары:
- Балалардың денсаулығын нығайтуға, физиологиялық және психоэмоционалды дамуына жақсы ықпал етіп, шынықтыру-сауықтыру шаралары мен салауытты өмір салтының ережелерін саналы түрде қалыптастыру;
- коммуникативтік дағдыларды, ақпараттар мен технологияларды басқара білуді, проблемаларды шешуді;
- іскерлік пен креативтілікті қалыптастыратын білімді алудағы тұлғаның дамуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге бағытталды.







