Балабақшадағы балалар - олар біздің қуанышымыз және үлкен үмітіміз. Мектепке дейінгі кезең адам өміріндегі бір керемет шақ, оны қысқарта алмаймыз. Сондықтан біз әрбір сәбиге, оның бойындағы қызығушылыққа, сезімталдыққа қамқоршымыз, оған мейірімділік пен адалдықты тәрбиелеуге, жеке ашылу құқығын бағалаймыз, тұлғалықты және бақытты балалық шағына қамқорлық жасаймыз. Бұл жөнінде біздің сайтымыздан толық мағлұмат ала аласыздар!
Біз 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасап келеміз. Біріктірілген дене шынықтыру және музыка залы, сурет және қазақ тілі кабинеті, психология, сенсорлық, медбике кабинеттері бар.
Балабақшада жоғары санатты, бірінші санатты және де педагог-модераторлы педагогтарымыз қызмет жасайды.
Біздің мақсатымыз: Бар білгенімізді, асыл қасиеттерімізді, періште бөбектерге арнап, олардың жүрегіне жол тауып өзіндік «Мен» бар дәрежеге жеткізу. Отанды, азаматты сүюге тәрбиелеу. Нәзік жүректі жан дүниесін сезінуге, аялауға бағалауға үйретсек. Біздің балаларға береріміз махаббат, сүйіспеншілік, мейірім, қамқорлық.








